Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1325 Қаулысы

      Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Кәсіпорынға қосу жолымен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін;
      2) Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну және оларды автоматтандыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1325 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      18-бөлімде:
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның аумақтық органдары және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:                         9152
      Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:                                                         8934»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:                           481
      Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:      263»;
      «Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8671» деген жол алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1325 қаулысына   
қосымша       

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Р/с № Республикалық мемлекеттік мекемелер
1 2

1

«Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

2

«Ақтөбе облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

3

«Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

4

«Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

5

«Шығыс Қазақстан облысының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

6

«Шығыс Қазақстан облысының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

7

«Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

8

«Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

9

«Қарағанды облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

10

«Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

11

«Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

12

«Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

13

«Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

14

«Солтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

15

«Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

16

«Астана қаласы Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

17

«Астана қаласы Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

18

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

19

«Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

20

«Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

21

«Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

22

«Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

23

«Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

24

«Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі

25

«Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі