"Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1288 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1004 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 158-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      60-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-экологиялық сынып 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;»;
      «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 1-қосымшада:
      «Бензинінің сипаттамаларына қойылатын талаптар» деген кестеде:
      мына:
      «

Жiберу клапандарындағы шөгiндiлер, артық емес (СЕС Ғ-05-А-93)*

мг/клапан

50

30

30

                                                                »
      деген жол алып тасталсын;
      ескертпе алып тасталсын;
      «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 2-қосымшада:
      «Дизель отыны сипаттамаларына қойылатын талаптар» деген кестеде:
      мына:
      «

Отын бүрiккiшiнiң тазалығы, артық емес (СЕС (РҒ-023) ТВА)*

Өткiзу шығыны, %

85

85

85

                                                                »
      деген жол алып тасталсын;
      ескертпе алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов