Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау» деген бөлімде:
2-тармақ алып тасталсын;
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
«3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
«Қылмыстық-атқару жүйесiн жетiлдiру» деген 2-стратегиялық бағыт алып тасталсын;
«3.2. Әділет министрлігінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі» деген кіші бөлімде:
«
2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы. |
»
деген жол алып тасталсын;
«4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту» деген бөлімде:
«Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарының атауы» деген 1-бағанда:
мына:
«2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру
2.1-мақсат. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру» деген жолдар алып тасталсын;
«5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген бөлімде:
мына:
«
2-стратегиялық бағыт. Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру |
||
2.1-мақсат. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру |
||
2.1.3-міндет. Сотталғандар мен тергеу-қамауындағыларды медициналық қамтамасыз ету сапасын арттыру |
||
1. 1000 адамның есебіне шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың арасында жалпы өлімді азайту. |
ДСМ |
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметкерлерінің Денсаулық сақтау министрлігінің жетілдіру институттарында біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. |
»
деген жолдар алып тасталсын;
«6. Тәуекелдерді басқару» деген бөлімде:
мына:
«
Құрылыс материалдарына және энергия тасымалдағыштарға бағаның қымбаттауы есебінен қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу құнын көбейту. |
Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінің құрылысын мерзімінде аяқтау бойынша берілген параметрлерге қол жеткізбеу. |
Жобалық-сметалық құжаттамаға уақтылы түзету жүргізу және құрылыс құнын ұлғайтуға бюджеттік өтінім беру. |
Бұрын шартты түрде сотталған тұлғалардың тарапынан қайта қылмыстар жасау фактілерінің көбеюі |
Бас бостандығынан айыруға қатысты емес жазаға тартылған тұлғалар арасында рецидивті қылмыстар деңгейін қысқарту бойынша берілген көрсеткіштерге қол жеткізбеу |
Бас бостандығынан айыруға қатысты емес жазаға тартылған тұлғаларды еңбекпен қамту бойынша мәселелерді сапалы дайындау. Қызметтің осы саласын реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру |
»
деген жолдар алып тасталсын;
«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
«001 Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «6 499 185» деген сандар «6 567 389» деген сандармен ауыстырылсын;
«002 Сот сараптамаларын жүргізу» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «1 648 112» деген сандар «1 902 166» деген сандармен ауыстырылсын;
«003 Сотталғандарды, күдіктілерді және айыпталушыларды ұстау» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар саны (дейін)» деген жолдағы «64 000» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Еңбекпен қамтылған сотталғандардың саны (дейін)» деген жолдағы «14 685» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Медициналық көмек көрсетілген тұлғалар саны (төмен емес)» деген жолдағы «43 000» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Жалпы орта білім алатын сотталғандар саны (дейін)» деген жолдағы «6 800» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Кәсіптік білім алатын сотталғандар саны (дейін)» деген жолдағы «3 625» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Психологтармен тексерілген тұлғалар саны (дейін)» деген жолдағы «47 000» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Сотталғандар және тергеу-қамауға алынғандармен жүргізілген психокоррекциялық және психоалдын-алу іс-шараларының саны (дейін)» деген жолдағы «4 570» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшіліктері жол берген қылмыс деңгейінің 1000 адамға есептегенде азаюы» деген жолдағы «0,8» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «29 177 000» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«004 Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Объектілерді салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және түзету» деген жолдағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Салынып жатқан және қайта жаңартылатын, жалғасатын объектілердің саны» деген жолдағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Аяқталатын объектілердің саны» деген жолдағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Аяқталған объектілердің саны» деген жолдағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «147 051» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«005 Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «351 286» деген сандар «290 535» деген сандармен ауыстырылсын;
«006 НҚА-нің, халықаралық шарттардың жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамасына ғылыми сараптама» деген бюджеттік бағдарламада:
«Сипаттама» деген жолда «Қазақстан Республикасының НҚА-нің мемлекеттік тізілімін жүргізу» деген сөздерден кейін «, актілер жинағын шығаруды қамтамасыз ету» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «1 835 273» деген сандар «1 805 273» деген сандармен ауыстырылсын;
«007 Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «9 284» деген сандар «4 118» деген сандармен ауыстырылсын;
«013 Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «2 569 516» деген сандар «2 608 360» деген сандармен ауыстырылсын;
«018 Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Жарақтандырылатын мемлекеттік мекемелер саны (кем емес)» деген жолдағы «45» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу (кем емес)» деген жолдағы «21» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесі органдары үшін жоспарланған жабдықтарды сатып алу» деген жолдағы «100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу (кем емес)» деген жолдағы «21» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «3 150 100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«019 Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерін уақтылы және толық аудару» деген жолдағы «100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «425 000» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«020 Қылмысы үшін жазасын өтегендерді әлеуметтік қалыптастыруды және оңалтуды ұйымдастыру және іске асыру» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Әлеуметтік бейімдеуде көмек көрсетілген адамдар саны (дейін)» деген жолдағы «20» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Оңалту орталықтарында ұсынатын адамдар арасында әлеуметтік байланыс орнату» деген жолдағы «100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «4 258» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«022 Әділет органдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2011 жыл» деген бағандағы «441 607» деген сандар «496 707» деген сандармен ауыстырылсын;
«024 Қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлау» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқитын курсанттардың саны (дейін)» деген жолдағы «1 027» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Оқытудың сырттай нысаны бойынша оқитын курсанттардың саны (дейін)» деген жолдағы «988» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне кандидаттар, арнайы атағы бар орта және аға басшы құрам адамдарының алғашқы дайындықтан өткендерінің саны (дейін)» деген жолдағы «1 295» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Біліктілігін арттыру курсынан өткен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің саны (дейін)» деген жолдағы «400» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Магистрлер саны (дейін)» деген жолдағы «30» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесін орта, жоғары және қосымша кәсіби білімі бар мамандармен қамтамасыз ету» деген жолдағы «9,6» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «871 675» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«025 Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін және оның аумақтық органдарын ұстау» деген жолдағы «16» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару инспекцияларының штат санын кезең-кезеңмен ұлғайту» деген жолдағы «592» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін уақтылы қамтамасыз ету» деген жолдағы «100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «3 843 720» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кіші бөлімде:
«2011 жыл» деген бағанда:
«Бюджеттік шығыстар барлығы:» деген жолдағы «52 209 569» деген сандар «14 911 050» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «51 223 201» деген сандар «14 903 710» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «986 368» деген сандар «7340» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов