"Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1221 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1004 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамына:

       Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық

       Мәдина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрi,

       төрағаның орынбасары

      енгізілсін;

      көрсетiлген құрамнан Абай Мұқашұлы Ескендіров шығарылсын.

      2._Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов