"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 1189 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1958 қаулысымен енгізілген «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов