"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1152 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 297-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «5В020000», «5В040000», «5В050000», «5В060000», «5В070000», «5В080000», «5В090000» және «5В120000» деген жолдардың 3-бағанындағы «720», «220», «750», «1350», «11827», «1930», «900» және «630» деген сандар тиісінше «802», «227», «744», «1323», «11802», «1911», «895» және «623» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов