Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 19-қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. |
Біліктілік санаты үшін қосымша ақы |
Қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады |
||
1) |
Басшыларға, басшылардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің (клиникалық бөлімшелерді қоспағанда) басшыларына денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі санаты үшін: |
БЛЖ-дан 120% |
||
2) |
Клиникалық бөлімшелердің меңгерушілеріне: |
БЛЖ-дан 150% |
||
3) |
Біліктілік деңгейі жоғары мамандарға: |
БЛЖ-дан 150% |
||
мұғалімдерге (3-1) тармақшада көрсетілгендерден басқа): |
БЛЖ-дан 60% |
|||
басқа да қызмет салаларының мамандарына (3-2) тармақшада көрсетілгендерден басқа): |
БЛЖ-дан 50% |
|||
3-1) |
Біліктілік деңгейі жоғары мұғалімдерге (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының: |
БЛЖ-дан 100% |
||
3-2) |
Біліктілік деңгейі жоғары тәрбиешілерге (балабақшалардың; шағын орталықтардың; мына: жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының): |
БЛЖ-дан 90% |
||
4) |
Біліктілік деңгейі орташа мамандарға: орта медициналық персоналға: |
БЛЖ-дан 100% |
||
мұғалімдерге (4-1) тармақшада көрсетілгендерден басқа): |
БЛЖ-дан 50% |
|||
басқа да қызмет салаларының мамандарына (4-2) тармақшаларда көрсетілгендерден басқа): |
БЛЖ-дан 50% |
|||
4-1) |
Біліктілік деңгейі орташа мұғалімдерге (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдардың: мектептердің; жалпы үлгідегі, арнаулы (түзеу), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдардағы): |
БЛЖ-дан 90% |
||
4-2) |
Біліктілік деңгейі орташа тәрбиешілерге (балабақшалардың; шағын орталықтардың; мына: жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының): |
БЛЖ-дан 90% |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
«
13 |
Өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін қосымша ақы |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында |
||
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне |
БЛЖ-дан 100% |
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов