Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімнің «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:
жетінші бөліктегі «2-кезең: 2008 жыл» деген сөздер «2-кезең:
2008 - 2012 жылдар» деген сездермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз бірінші және отыз екінші бөліктермен толықтырылсын:
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылысын Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы жүзеге асыратын «Күн квартал» және «Шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің құрылысын 3 млрд. теңге сомасында қаржыландыратын болады, оның ішінде «Күн квартал» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға - 2 млрд. теңге және «Шаңырақ» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға - 1 млрд. теңге.
Көрсетілген объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін бос алаңдарды Қорға беруді қоса алғанда, қаржыландыру шарттары Қор мен Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымының арасында жасалған құрылысты қаржыландыру туралы шартта айқындалатын болады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республика
Премьер-Министрі К. Мәсімов