Кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1055 Қаулысы

      «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналарға:
      1) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1704 90 710 0, 1704 90 750 0 кодтарымен жіктелетін, құрамында какао жоқ, ішінде қоспасы бар немесе қоспасы жоқ мұз кәмпиттен жасалған карамель, тоффи, өзге де карамельдер және соған ұқсас тәттілер әкелуге қатысты кедендік құнының 30 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,27 евро;
      2) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1806 90 110 0, 1806 90 190 0 кодтарымен жіктелетін, құрамында алкоголі бар және жоқ, ішінде қоспасы бар немесе қоспасы жоқ шоколадты кәмпиттер әкелуге қатысты кедендік құнының 49 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,8 евро;
      3) Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 1806 90 500 1, 1806 90 500 2, 1806 90 500 9 кодтарымен жіктелетін, қанттан және құрамында какао бар қантты алмастыратын өнімдерден әзірленген оның алмастырғыштарынан жасалған кондитерлік өнімдерді әкелуге қатысты кедендік құнының 39%-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,42 евро қорғау баждары 3 жыл мерзімге енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын енгiзгенi туралы хабардар етсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов