"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 830 қаулысына өзгеріс е

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1052 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 553 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 830 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Нұртайұлы Баймағанбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов