"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1049 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 821 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3-кіші бөлімде:
      «

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШІА, ЖАО

189,7

299,6

307,2



Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШІА, ЖАО

152,6

136,0

134,8

135,3

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салу

км

ҚТКШІА, ЖАО

1017,2

2034,4

1525,8

1525,8

                                                             »;
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШІА, ЖАО

45,7

313,0

312,5

105,1

Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу

мың шаршы метр

ҚТКШІА, ЖАО

133,4

136,0

134,8

135,3

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

км

ҚТКШІА, ЖАО

1017,2

2000,0

1500,0

1500,0

                                                                »;
      «Бағдарламаны іске асыру» деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым салған кезде жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын (бұдан әрі - ӘКК) пайдалана алады.
      Тұрғын үй құрылысы саласында жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы құрылыс салу үшін ӘКК-ке кредит беруге республикалық бюджеттен бөлінген кредиттерді пайдалану мүмкін.»;
      «Жергілікті атқарушы органдардың және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қатысуымен тұрғын үй салу және сату» деген 5.1-кіші бөлімде:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жоба әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске асырылған жағдайда ЖАО тұрғын үй салуды жүзеге асыру үшін ӘКК-ке бюджеттік кредит бөледі.»;
      5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚТҚЖБ қарыздар сомасын және/немесе сатып алушылар пулына қатысушылардың жинақтарын ЖАО-ның немесе ӘКК-нің сатып алынатын пәтерлердің төлем шотына аударуды жүзеге асырады;»;
      6) тармақшада:
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Жоба әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы іске асырылған жағдайда ӘКК жасалған кредиттік шарттың шеңберінде белгіленген сыйақы ставкасын ескере отырып, ЖАО-ға кредиттің сомасын қайтарады.»;
      он төртінші абзацтағы «Астана мен Ақтау» деген сездер «Астана, Атырау, Өскемен және Ақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Екінші деңгейдегі банктерді қорландыру» деген 5.2-кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына:
      10 балл - 1,27;
      9 балл - 1,22;
      8 балл - 1,16;
      7 балл - 1,1 түзету коэффициенттері рұқсат етіледі.
      Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ сәйкес анықталады.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Объектіні салу жөніндегі жоба ведомствоаралық комиссияның шешімімен мақұлдануға тиіс. Тұрғын үй жайлылық деңгейі бойынша 2 және 3 сыныпты болуға тиіс.»;
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 7-бөлімде:
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 - 2014 жылдары тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы кредиттік қаражат есебінен 776,5 мың шаршы метр, оның ішінде 2011 жылы - 45,7 мың шаршы метр, 2012 жылы - 313,0 мың шаршы метр, 2013 жылы - 312,5 мың шаршы метр, 2014 жылы - 105,1 шаршы метр тұрғын үй салынатын болады;
      2011 - 2014 жылдары республикалық, бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 539,5 мың шаршы метр, оның ішінде 2011 жылы - 133,4 мың шаршы метр, 2012 жылы - 136,0 мың шаршы метр, 2013 жылы - 134,8 мың шаршы метр, 2014 жылы - 135,3 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салынатын болады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов