«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны осы қаулының қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының Лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«4 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып 373»;
реттік нөмірі 6-жолда:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 11631» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 11621»;
реттік немірі 9-жолда:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 20371» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 20355»;
реттік нөмірі 10-жолда:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 310» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 513»;
реттік нөмірлері 22, 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«22 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), оның аумақтық органдарын ескере отырып 216;
23 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып 473».
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 1029 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылдың 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері
орынбасарларының шекті саны
Өңірлер |
Барлығы, штат саны |
Облыстың, Алматы, Астана |
Ақмола |
2958 |
4 |
Ақтөбе |
2157 |
4 |
Алматы |
3361 |
5 |
Атырау |
1369 |
5 |
Шығыс Қазақстан |
3463 |
5 |
Жамбыл |
2274 |
4 |
Батыс Қазақстан |
2032 |
5 |
Қарағанды |
2980 |
5 |
Қостанай |
3124 |
4 |
Қызылорда |
1601 |
5 |
Маңғыстау |
1013 |
4 |
Павлодар |
2521 |
4 |
Солтүстік Қазақстан |
2435 |
4 |
Оңтүстік Қазақстан |
3476 |
5 |
Алматы қаласы |
1154 |
5 |
Астана қаласы |
772 |
5 |
ЖИЫНЫ: |
36690 |
73 |