Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінін күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
«1. Облыстық әкімдік» деген бөлімнің 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
«2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
«27. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы»;
«3. Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі».
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов