«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.»;
      24-тармақтар және 7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      осы қаулыға 1 және 2-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазакстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов