Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 440 қаулысымен

       Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 21.08.2013 № 20-6 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 Т. Сүгірбай