Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";
1) көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономикалық даму және сауда
министрі, төраға,
Беспалинов - Қазақстан Республикасының
Тілеуғазы Айтқазыұлы Экономикалық даму және сауда
министрлiгi Өңiрлiк саясат және
бюджетаралық қатынастар
департаментi директорының
орынбасары, хатшы,
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім
Махметғали Нұрғалиұлы және ғылым вице-министрі,
Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы шаруашылығы вице-министрi,
Тихонюк - Қазақстан Республикасының
Николай Петрович Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттiгi төрағасының
орынбасары;
көрсетілген құрамнан Өмiрзақ Естайұлы Шөкеев, Абзал Сансызбайұлы Мұхимов шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында құрылды.";
4) тармақшада "көрсету." деген сөз "көрсету;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
6) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын қаржыландыру лимиттерін қалыптастыру.";
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын тиімді іске асыру;";
"7) Болжамды схеманы және аумақтарды дамыту бағдарламаларын тиімді іске асыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi | К. Мәсімов |