«Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 956 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанованы «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов