"Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы" Қаз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 913 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 440 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2016 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                          К. Мәсімов