Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 868 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
 

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 868 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 128, 261, 309-жолдар алынып тасталсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірлері 4, 6, 7, 9, 12-жолдар алынып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.