Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 436 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1283 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 маусымдағы
№ 710 қаулысымен   
бекітілген      

Сот приставтарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің
заттай нормалары

Р/с

Бұйымдардың атауы

Бір адамға арналған бұйымдардың саны

Кию мерзімі

1

2

3

4

1

Кепка

1 дана

2 жыл

2

Жеңдері қондырмалы қысқа күрте

2 дана

3 жыл

3

Шалбар

3 дана

2 жыл

4

Ұзын қондырма жеңді жейде

2 дана

2 жыл

5

Галстук

2 дана

2 жыл

6

Қысқа қондырма жеңді жазғы күрте

2 дана

2 жыл

7

Қысқы күрте (астары алынатын)

1 дана

3 жыл

8

Шарф

1 дана

3 жыл

9

Қырықпа елтіріден жасалған құлақшын-бөрік

1 дана

3 жыл