"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 695 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:

Аманбаев              - Қазақстан Республикасының Әділет
Әмірхан Тапашұлы        министрінің орынбасары енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Марат Бақытжанұлы Бекетаев шығарылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов