Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 567 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 399-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесінде:
      «Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелері» деген 3-бөлімде:
      «Гидрогеологиялық объектілер» деген 3.3-кіші бөлімде:
      тақырыбынан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «Ақтөбе облысы
      322-1. Көкжиде кен орнының жерасты сулары».
      2) «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 20, 232-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесінде:
      «Гидрогеологиялық объектілер» деген бөлімде:
      тақырыбынан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «Ақтөбе облысы
      186-1. Көкжиде кен орнының жерасты сулары».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов