Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 517 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесінде:
      «Топтық жүйелер» деген 1-бөлімде:
      «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
      «34-1 «Қажымұқан-Қараспан» топтық су құбыры»;
      «Оқшау жүйелер» деген 2-бөлімде:
      «Қызылорда облысы» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 198-1, 198-2, 198-3, 198-4 жолдармен толықтырылсын:
      «198-1 «Төретам» оқшау су құбыры;
      198-2 «Ақай» оқшау су құбыры;
      198-3 «Тереңөзек» оқшау су құбыры;
      198-4 «Жалағаш» оқшау су құбыры».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов