Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 514 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
      мына:

«Саудабаев              - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы         хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                          істер министрі, төраға»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Саудабаев              - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы         хатшысы, төраға»;

      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат; 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат):
      аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Бекназаров             - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Бектас Әбдіханұлы        Төрағасы,

Қасымов Қалмұханбет    - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Нұрмұханбетұлы           министрі,

Дауылбаев              - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры,
Асхат Қайзоллаұлы        Кеңес төрағасының орынбасары;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан: М.Т.Әлімбеков; С.Н.Баймағанбетов; Қ.Ә.Мәми; Е.І.Қайыржанов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев