Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 426 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 910 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.05 № 910 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 496-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесінде:
      10-тармақтың сегізінші бөлігі «көшірмелерін» деген сөзден кейін «не қосалқы мердігерлердің лицензияларын беру туралы кепілхатты (бұдан әрі - кепілхат)» деген сөздермен толықтырылсын;
      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырсын:
      «Кепілхат ұсынған жағдайда объектіні салуға (қайта жаңартуға) арналған рұқсат қосалқы мердігерлер лицензияларының көшірмелерін ұсынғаннан кейін беріледі.»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырсын:
      «Егер кепілхат ұсынған конкурс жеңімпазы жалға беру шарты жасалған күннен бастап 3 айдың ішінде қосалқы мердігер лицензиясының көшірмесін бермесе, конкурстық комиссия жеңімпазды қалған конкурсқа қатысушылардың ішінен анықтайды не бұл лот келесі конкурсқа шығарылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов