Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 281 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2012.06.06 № 124 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурызындағы № 250 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 181920212344 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.Ш.Танкиев) шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді кезекті әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық орталық аурухана (Ж.Қасымов келісім бойынша) «Әйтеке би қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
      1) әскерге шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігер-мамандар мен дәрігер-мамандардың резервтік құрамын бөлу;
      2) 2011 жылдың 1 сәуіріне және 1 қазанына дейін «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың тізімін, ауыратын әскерге шақырылушылардың жеке карталарын (Ф25у) тапсыру;
      3) шақыру кезінде стационарлық емдеуде жатқан әскерге шақырылушылар туралы үш күннің ішінде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлау ұсынылсын.
      4. Аудандық әділет басқармасы (Ж.Байбашева келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың құжаттарында әскери есепке алынғаны немесе шығарылғаны туралы белгілер болған жағдайда тұрғылықты жайларына тіркеу немесе шығаруды іске асырсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Доданов келісім бойынша):
      1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
      2) әскери міндетті орындаудан бас тартушы азаматтарды іздестіру және ұстау іс-шараларын жүргізсін;
      3) жеті күндік мерзім ішінде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарлансын.
      6. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар, мекемелер және оқу орындарының басшылары:
      1) әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етуі ұсынылсын.
      7. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-іне (З-Х. Күнтуғанов келісім бойынша) азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру кезінде қоғамдық жұмысшыларды бөлу тапсырылсын.
      8. Селолық округ әкімдері «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша әскерге шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      9. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.
      10. Аудандық қаржы бөліміне (А.Сапаров) азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру тапсырылсын.
      11. «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Д.Ш.Танкиев) аудан әкіміне 2011 жылдың 5 шілдесінде және 2012 жылдың 5 қаңтарында азаматтарды әскер қатарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
      12. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметов және «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Ш.Танкиевке жүктелсін.
      13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 Е.Есенбаев

Аудан Әкімінің 2011 жылғы
29 наурыздағы № 99
қаулысына қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери қазметке шақыру комиссиясының құрамы

      Танкиев                     - ауданның қорғаныс істері
      Дастан Шыңғысұлы              жөніндегі бөлім бастығы,
                                    комиссия төрағасы. 

      Кузнецова                   - мейірбике, комиссия
      Людмила Александровна         хатшысы.

Комиссия мүшелері:

      Утешов                      - Әйтеке би ауданының
      Куанышбай Айтмаганбетулы      әкімі аппаратының бас
                                    маманы, комиссия
                                    төрағасының орынбасары. 

      Оразбаев                    - аудандық ішкі істер
      Әділбек                       бөлімі бастығының тәрбие
                                    және кадр жөніндегі
                                    орынбасары. 

      Жакибаева                   - дәрігер терапевт
      Назгүл Жұмажановна            медициналық комиссияның
                                    төрағасы.