"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысы

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (Кеден одағының жоғары органы) Үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесінің «Кеден одағының комиссиясы туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешіміне және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 358 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына Дәулет Болатұлы Сүтемгеновтің кандидатурасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының бекітуіне ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов