Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 256-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «2009/2010» деген сандар «2010/2011» деген сандармен ауыстырылсын;
3) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 314-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
10-тармақтың үшінші абзацындағы «7» деген сан «13» деген сандармен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі K. Мәсімов