Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 234 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1518 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.13 № 1518 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

      «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің      
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 234 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және 2011 жылға арналған 030 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасында (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі шығындарын ішінара өтеу тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады, ол 2011 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға 2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуын жүзеге асырады.
      3. Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының көлемі Министрлік ұсынған сома негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі. Бұл ретте облыстар бөлінісіндебюджеттік субсидиялардың сомасын Министрлік мелиоративтік жақсартуға жататын суармалы жерлердің ауданына және мелиорацияланған жердің 1 гектарына субсидиялаудың мөлшеріне сәйкес айқындайды.
      4. Облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) бюджеттік субсидиялардың көлемін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша 5 (бес) банк күні ішінде бөліп, жеткізеді.
      5. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) су беруші – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншігінде немесе уақытша пайдалануында суармалы жері бар, белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      3) мелиоративтік іс-шаралар – суармалы жерді терең қопсыту және тегістеу, сондай-ақ суару және коллекторлық-дренаж желілерін тазалау жөніндегі жұмыстар;
      4) топырақты терең қопсыту – топырақ қабатын айналымсыз терең қопсыту (төрт жылда бір рет жүргізіледі);
      5) алқаптарды ағымдағы тегістеу – алқапты жыртудан кейін топырақты тегістеу;
      6) суару жүйелерін тазарту – суару жүйелерін арам-шөптерден және лайдан қолмен тазарту;
      7) коллекторлық-дренаж желілерін тазарту – коллекторлық-дренаж желілерін арам-шөптерден және лайдан механикалық тазарту;
      8) су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылық кооперативі (бұдан әрі – САТК) – жүктелген алаңда жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығының мұқтажы үшiн гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бiрлесiп басқару үшiн мүшелiк негiзiндегi ерiктi бiрлестiгi.
      6. Субсидиялар тауар өндірушілерге мелиоративтік іс-шараларды нақты орындағаны үшін төленеді.
      7. Мелиорацияланған жердің 1 гектарында орындалған жұмыс көлемі үшін субсидиялар көлемі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті ақпарат құралдарында субсидиялар және басқа да қажетті мәліметтерді алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін көрсете отырып, Комиссияның жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді.

2. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялау тәртібі

      8. САТК-ға мүше тауар өндірушілер және тауар өндірушілер ағымдағы жылдың 25 сәуірінен кешіктермей суармалы жерлерде мелиоративтік жұмыстарды жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың нақты орындалғанын Су беруші өкілдерінің қатысуымен САТК құрған комиссия тексереді және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір тауар өндіруші бөлінісінде актімен ресімделеді. Осы актілердің негізінде осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша САТК жөніндегі жиынтық акті жасалады.
      9. САТК және тауар өндірушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін барлық қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырып, осы Қағиданың  4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша Бөлімге өтінім тапсырады.
      САТК өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) САТК мүшелерінің тізімі қоса берілген жарғының көшірмесі;
      2) субсидиялар алу мәселелері бойынша өз мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы САТК мүшелерінің жалпы жиналысы хаттамасының түпнұсқасы:
      3) мелиоративтік іс-шараларды орындау фактісін растайтын САТК бойынша жиынтық актілердің түпнұсқалары;
      4) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес суару және дренаж желісінің су қабылдауға дайындығын растайтын, алдағы суару маусымында суару үшін су жеткізу қызметін көрсету туралы САТК мен су беруші арасындағы шарттың көшірмесі;
      5) әрбір тауар өндірушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері);
      6) әрбір тауар өндірушінің нөмірі көрсетілген банк шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;
      7) әрбір тауар өндірушінің жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.
      10. Тауар өндірушілер өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) мелиоративтік іс-шараларды орындау фактісін растайтын, САТК мөрімен расталған жиынтық актілер түпнұсқасының көшірмесі;
      2) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес суару және дренаж желісінің су қабылдауға дайындығын растайтын, алдағы суару маусымында суару үшін су жеткізу қызметін көрсету туралы су берушімен шарттың көшірмесі;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері (жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері);
      4) әрбір тауар өндірушінің нөмірі көрсетілген банк шотының бар екендігі туралы банктің анықтамалары;
      5) жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжаттың көшірмелері.
      11. Бөлім өтінімді тіркеген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оны тексеруді жүзеге асырып, кейіннен аудан әкімінің шешімімен құрылған Комиссияның қарауына енгізе отырып, материалдарды қалыптастырады.
      12. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және агроонеркәсіптік кешеннің аумақтық инспекциясының мамандары, су берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссияны аудан әкімінің орынбасары басқарады. Аудандық Бөлім Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      13. Комиссия жергілікті бюджеттен мелиоративтік іс-шараларды жүргізу бойынша шығындарының бір бөлігі субсидияланатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін және оларға бөлінген субсидиялар сомасын бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Осы Қағиданың 10 мен 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған немесе өтінім қате ресімделген жағдайда, Бөлім тауар өндірушіге немесе САТК-ға бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша жауап жібереді.
      14. Комиссия ұсынылған материалдарды қарап, он жұмыс күні ішінде жалпы белгіленген тәсілдермен жұмыс көлемін анықтау мақсатында тиісті жер учаскелеріне барады. Тексеру нәтижелері бойынша суармалы жерді мелиоративтік жақсарту бойынша орындалған жұмыстардың актісі жасалады. Комиссия бұдан кейін жүргізілген мелиоративтік іс-шаралар бойынша субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілердің тізімін аудан әкіміне бекітуге енгізу туралы шешім қабылдайды және оны хаттамамен ресімдейді.
      Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Бөлім бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар көлемін бөле отырып, тауар өндірушілердің жиынтық тізілімін дайындайды және оған Комиссия хаттамасын тіркеп, аудан әкіміне бекітуге ұсынады. Бөлім жиынтық тізілімді аудан әкімі бекіткеннен кейін Басқармаға барлық материалдарды қосып жібереді.
      Аудан бойынша белгіленген субсидиялау көлемінен тауар өндірушілер өтінімдерінің саны асып кеткен жағдайда, қаражат берілген өтінімдерге тең бөлінеді.
      15. Басқарма аудан әкімі тапсырған материалдарды тексеріп, бес жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге субсидиялар төлеуге ведомость қалыптастырады.
      16. Басқарма төлем жүргізу кезінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын екі данада ұсынады.
      17. Басқарма Министрлікке белгіленген нысанда мынадай ақпарат ұсынады:
      ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, суармалы жердің ауданын көрсетіп, тауар өндірушілерге төленген субсидиялар көлемі туралы. Субсидиялаудың бекітілген көлемі игерілмеген жағдайда игерілмеген субсидия көлемі және оның себептері көрсетіледі;
      ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тікелей және түпкі нәтижелерге нақты жеткендігі туралы аралық есеп;
      есепті қаржы жылынан кейінгі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей қорытынды жылдық есеп.
      18. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды субсидиялауға
2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына
1-қосымша            

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға субсидиялар көлемі

Мелиоративтік жұмыстардың түрлері

Мелиорацияланған жердің 1 га-ға субсидиялар көлемі, теңге

Алқаптарды ағымдағы тегістеу (тереңдігі 10 см дейін алқапта жер жыртудан кейін топырақты тегістеу)

715

Топырақты терең қопсыту (топырақ қабатын тереңдігі кемінде 40 см айналымсыз терең қопсыту)

1465

Суару желісін тазарту (1 га есептегенде 10 м3 елегінде арам-шөптерден және лайдан тазарту)

1624

Коллекторлық-дренаж желісін тазарту (1 га есептегенде 55 м3 шегінде арам-шөптерден және лайдан тазарту)

2496

Барлығы:

6300

Облыстық бюджеттердің, Астана және 
Алматы қалалары бюджеттерінің   
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды субсидиялауға
2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына
2-қосымша             

Орындалған жұмыстардың
2010 жылғы «___»___________ №____
актісі

      Біз, төменде қол қойғандар, САТК жалпы жиналысының шешімімен құрылған комиссия, ______ жылғы № ____ хаттама, құрамында:
__________________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
        (заңды немесе жеке тұлғаның (тауар өндірушінің) Т.А.Ә.)

20__ жылы ____гектар алаңда мелиоративтік жұмыстарды орындағаны туралы осы актіні жасадық.
Оның ішінде:
топырақты терең қопсыту ________ гектар.
алқапты ағымдағы тегістеу ______ гектар;
суару желілерін тазалау ____________ м3;
коллекторлық-дренаж желілерін тазалау _____ м3.

Комиссия мүшелерінің қолдары________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
Тауар өндіруші:_________________________________________________ 
                         (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің   
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды      
субсидиялауға 2011 жылға     
арналған ағымдағы нысаналы    
трансферттерді пайдалану қағидасына
3-қосымша             

Орындалған жұмыстардың
2010 жылғы «_»________ №____
жиынтық актісі

      Біз, төменде қол қойғандар САТК жалпы жиналысының шешімімен құрылған комиссия _______ жылғы № ____ хаттама, құрамында:________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
жалпы САТК бойынша 20__жылғы______аралығында оның мүшелері___гектар алаңда мелиоративтік жұмыстарды орындағаны туралы актіні жасадық.
Оның ішінде:
топырақты терең қопсыту _______ гектар.
алқаптарды ағымдағы тегістеу ______ гектар;
суару желілерін тазалау _______________ м3;
коллекторлық-дренаж желілерін тазалау ____ м3.
      Осы акт әрбір тауар өндіруші бөлінісінде орындалған жұмыстар актілері (әрбір тауар өндірушілер бөлінісінде орындалған жұмыстар актісі қоса беріліп отыр) негізінде жасалды.

Комиссия мүшелерінің қолдары_________________________________________________________________
                    (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________________
                   (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________________
                   (лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
Тауар өндіруші: _________________________________________________
                             (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің 
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды субсидиялауға
2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына
4-қосымша             

____________________ облысы
__________________ ауданының комиссиялары

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінім

_________________________________________________________________
(құрылтай құжаты және ______ жылғы № ___ САТК жалпы жиналысының хаттамалары)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________атынан
                             (САТК)
САТК төрағасы ___________________________________________________
_________________________________________________________________
                              (Т.А.Ә.)
құрылтайшылар атынан ____ гектар алаңда өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға бюджеттік субсидиялар алушылардың тізбесіне енгізуді өтінеді, оның ішінде:
      1) алқапты ағымдағы тегістеу және топырақты терең қопсыту бойынша ____ гектар.
      2) суару және коллекторлық-дренаж желілерін тазалау бойынша _____м3;
      Осы өтінімге:
      1) мүшелерінің тізімі қоса берілген САТК жарғысының көшірмесі;
      2) субсидиялар алу мәселелері бойынша мүдделерін білдіру жөнінде өкілеттіктерді беру туралы САТК мүшелерінің жалпы жиналысы хаттамасының түпнұсқасы;
      3) САТК бойынша мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы фактісін растайтын жиынтық актілердің түпнұсқалары;
      4) суару және дренаж желілерінің суды қабылдауға дайындығын растайтын, алдағы суару маусымына суару суын жеткізу туралы САТК мен су беруші арасындағы шарттың көшірмесі;
      5) әрбір тауар өндірушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері);
      6) әрбір тауар өндірушінің нөмірі көрсетілген банк шотының бар екендігі туралы банктің анықтамалары;
      7) әрбір тауар өндірушінің жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқығын белгілейтін құжаттарының көшірмелері.
      Барлығы: _____ парақ.

      САТК төрағасы: ________________________________
                          (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды субсидиялауға
2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына
5-қосымша            

Суландыру үшін суару суын жеткізу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт

____________________ ауылы (қаласы) _____ жылғы «__» ____________
бұдан әрі «Су беруші» деп аталатын кәсіпорынның жарғысы негізінде әрекет ететін________________________бір тараптан және бұдан әрі
«Су пайдаланушы» деп аталатын ___________________________________
                                    (заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________ екінші тараптан
бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар субсидиялауды ескере отырып, осы тарифтер бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      Осы шартта төменде келтірілген ұғымдардың мынадай түсініктері бар:
      1) Шарт – барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ келісімшартта сілтемелері бар барлық құжаттамаларымен бірге осы шарт;
      2) Қызметтер – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тарифтер бойынша суару суын жеткізу жөніндегі қызметтерді білдіреді, оны Су беруші шарт шеңберінде Су пайдаланушыға көрсетеді;
      3) Су беруші – шартта көрсетілген талаптармен суару суын жеткізу жөнінденгі қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) Су пайдаланушы – қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өсіру үшін суармалы жерлерді пайдалануға байланысты жеке немесе заңды тұлға;
      5) Тариф – табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суару суын жеткізу жөніндегі қызметтер үшін тариф.

1. Шарт нысанасы

      1. Осы шарт бойынша Су беруші Қызметтер көрсетуге, ал Су пайдаланушы қабылдауға және тариф бойынша суару суын жеткізу жөніндегі ақы төлеуге міндеттенеді.

2. Тараптардың міндеттері

      Су беруші:
      2.1. _______ жылға белгіленген __________ мың текше метр су пайдаланудың лимиті шегінде он күндік шығыстар кестесіне сәйкес су шаруашылығы жүйелерінің бөлу орындарында Су пайдаланушыға барлық суару маусымы бойы су беруге;
      2.2. Су пайдаланушыны су берудегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабардар етуге.
      2.3. Су көзінде су ресурстарының тапшылығы кезінде әрбір су пайдаланушылар үшін белгіленген кесте бойынша су беру көлемін теңдей азайтуға.
      2.4. Қолда бар суды есепке алу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      Су пайдаланушы:
      2.5. Шаруашылықішілік суландыру желісін жарамды күйде ұстауға және оларға үнемі тазарту жүргізуге.
      2.6. Су берушіні суды қабылдау кестесіндегі күтілетін өзгерістер туралы кемінде 2 тәулік бұрын хабардар етуге.
      2.7. Жіберілген суару суын мақсаты бойынша, яғни тек суландыру үшін ұтымды пайдалануға.
      2.8. Суару суын мақсатсыз пайдаланған жағдайда бюджетке субсидиялар сомасын қайтаруды және мақсатсыз пайдаланғаны үшін _______________ мөлшерінде айыппұл төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Қосымша шарттар

      3.1. Суды жіберу-қабылдау су берудің бекітілген кестелеріне сәйкес суды бөлу орындарында жүзеге асырылады. Суды жіберу-қабылдау екі данада (біреуі Су берушіде, екіншісі Су пайдаланушыда сақталады) белгіленген нысандағы журналдарда тіркеледі. Жазу қара немесе көк сиялы шарикті немесе қаламұш қаламсаппен жүргізіледі.
      3.2. Суды жіберу-қабылдау журналдарында нәтижелерді белгілей отырып, келісілген мерзімдерде тәулігіне кемінде 2 рет тараптардың ресми уәкілетті өкілдерінің бірлесіп қадағлауымен жүргізіледі.
      Тараптардың бірі келмеген жағдайда екінші тараптың жазбасына дау айтылмайды.
      3.3. Шаруашылықаралық арналар мен өзендерде сорғыларды орнату міндетті түрде Су берушімен келісілуі тиіс.
      Судың жеткізілген көлемін суарудан басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды. Болған жағдайда су тоғаны өз бетімен тартып алынған су болып есептеледі.

4. Есеп айырысу тәртібі

      4.1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суды жеткізу жөніндегі қызмет үшін тариф _________ жылға ҚҚС ескеріліп ____________ мың текше метр үшін _________ теңгені құрайды.
      (Су пайдаланушы тариф бойынша көрсетілген қызметтерге толық көлемде ақы төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтер құнының 50%-ын, ал қалған 50%-ын субсидия алғаннан кейін төлейді) немесе (Су пайдаланушы осы шартқа қол қойғаннан кейін жылдық көлемнің __% мөлшерінде аванс төлейді және кейіннен Су берушімен авансты өтегеннен кейін нақты көрсетілген қызметтер көлемін ай сайын төлейді) (уағдаластық бойынша қажеттісі қалдырылсын).
      4.2. Су пайдаланудың жылдық лимиті, барлығы _____________ мың текше метр.
      4.3. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны ҚҚС ескеріліп _________ теңге.
      4.4. Суару маусымы басталғанға дейін осы шартқа қол қоймаған жағдайда Су беруші Су пайдаланушыға су жіберуді жүзеге асырмайды.

5. Ақы төлеу шарттары

      5.1. Осы Шарт бойынша ақы төлеу теңгемен жүргізіледі.
      5.2. Қызметтер ішінара немесе толықтай көрсетілмеген жағдайда Су беруші аванстық төлемнің тиісті сомасын осы Шарт мерзімі аяқталған сәттен бастап _____ күннен кешіктірмей қайтарады және Су пайдаланушыға ___________________ мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
      5.3. Жазылған шоттар Су пайдаланушыға берілгеннен кейін 20 күн мерзімде төленуі тиіс.

6. Айыппұл санкциялары

      6.1. Тарифтер бойынша уақтылы төленбеген жағдайда Су пайдаланушы Су берушіге мерзімі өткен әр күн үшін төлем сомасынан _________ мөлшерінде өсімпұл төлеуі тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы сомасы төлем сомасының ____% - нан аспауы тиіс.

7. Дауларды реттеу тәртібі

      7.1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе соған байланысты барлық келіспеушіліктер мен даулар тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілуі тиіс.
      7.2. Егер талаптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттелуі тиіс.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Осы Шарт бойынша тараптар міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9. Форс-мажорлық жағдайлар

      9.1. Егер бұл дүлей апаттар, суландыру көздеріндегі су тапшылығы салдарынан болса, Су беруші осы Шарт бойынша су көлемін Су пайдаланушыға толық жеткізбегені үшін жауапты болмайды.
      9.2. 9.1-тармақта көрсетілген жағдайлар, егер оларды тиісті мемлекеттік органдар растаған болса, заңды болып табылады.
      9.3. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап екінші тарапты жоғарыда көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны және олардың ұзақтығы туралы ______ күн мерзімде хабардар етуге міндетті.

10. Басқа да шарттар

      10.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде жасалған және тараптар өкілдерінің қолдары қойылған болса, қолданыста болып табылады.
      10.2. Осы Шарт тараптардың әрқайсысы үшін заңды күші бірдей бір-бір данадан ____тілінде ____ данада жасалды.
      10.3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін бұл туралы өтініш білдірген тарап екінші тарапты Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін __________ ай бұрын хабардар етеді.

11. Шартқа қоса берілетін құжаттар тізбесі

      11.1. Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат (су көзінен жеке су тоғаны болған кезде).
      11.2. СТН, жеке басының куәлігі, банк деректемелері.
      11.3. Суландыру үшін бекітілген тариф бойынша, су алуға арналған өтінім.
      11.4. Су пайдаланушыға суды он күндеп беру кестесі.
      11.5.Су беруді күн сайын есепке алу журналы.
      11.6. Жерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.

12. Қорытынды ережелер

      12.1 Осы Шарт тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
      12.2. Шарттың қолданылу мерзімі:
            басталуы 20__жылғы «__» ______________
            аяқталуы 20__жылғы «__» ______________

Мекенжай:

Су беруші                                Су пайдаланушы
_______________________________  ______________________________
_____________                    _______________
(индекс, облыс, аудан, ауыл)                   (толық атауы)
_______________________________  ______________________________
_____________                    _______________
             (республика)                      (мекен-жайы)
_______________________________  ______________________________
_____________                    _______________
(банктің атауы және тағы басқа)                (телефон факс)
_______________________________  ______________________________
_____________                    _______________
            (есеп шоты)                         СТН
_______________________________  ______________________________
_____________                    _______________
_______________________________  ______ (есеп шоты) ___________
_____________
(қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә.,
телефонының қызметтік нөмірі)

Басшы:                           Басшы:
_______________________________  ______________________________
Бас бухгалтер:                   Бас бухгалтер:
_______________________________  ______________________________

      Ескертпе: Шарттың нөмірі облыстық ауыл шаруашылық департаменті басқармасы) бекіткен, субсидия алушы Су пайдаланушылардың тізбесіндегі Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.
      Шартқа, егер суландыру және дренаж желісі, сондай-ақ су пайдаланушының суландыру жерлері суару маусымына толық дайын болған жағдайда ғана су беруші қол қояды.

Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің  
өсімдік шаруашылығы өнімінің   
шығымдылығын арттыруды      
субсидиялауға 2011 жылға     
арналған ағымдағы нысаналы    
трансферттерді пайдалану     
қағидасына           
6-қосымша           

«БЕКІТЕМІН»
Аудан әкімі
___________   ____________
(қолы)       (Т.А.Ә.) 
201 __ ж. «__» ___________

____________ облысы __________ ауданы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруға субсидия көлемін бөле отырып, тауар өндірушілердің 201____жылға арналған жиынтық тізілімі

Р/с №

Тауар өндірушілердің атауы

Суармалы жерлердің болуы, га

Оның ішінде, мелиоративтік іс-шаралар өткізілгені, га

1 га орындалған жұмыс көлемі үшін субсидиялардың мөлшері, теңге

Тиесілі субсидиялардың сомасы, теңге

Алқаптарды  ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық дренаж желісін тазарту

Алқаптарды ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық-дренаж желісін тазарту

Алқаптарды ағымдағы тегістеу

Топырақты терең қопсыту

Суару желісін тазарту

Коллекторлық-дренаж желісін тазарту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

САТК бойынша ________

1

ш/қ______














2

ш/қ______














3

САТК бойынша барлығы














САТК бойынша барлығы __________


ш/қ______















ш/қ______















САТК бойынша барлығы














Аудан бойынша

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы

____________    _______________
   (қолы)          (Т.А.Ә.)
201__жылғы «__» _____________

Облыстық бюджеттердің, Астана және 
Алматы қалалары бюджеттерінің    
өсімдік шаруашылығы өнімінің     
шығымдылығын арттыруды субсидиялауға
2011 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына 
7-қосымша            

«БЕКІТЕМІН»
___________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________
(Т.А.Ә.)      
201__ жылғы «__» _________

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидияларды төлеу ведомосты

Р/с №

Тауар өндірушінің атауы

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялардың көлемі, теңге

1

2

3

1



2



3



4



5



Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы бөлімінің бастығы ______
____________________________________
            (қолы, Т.А.Ә.)

Бөлім бастығы ____________________________________________________
                            (қолы, Т.А.Ә.)