Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «АRUАNА - Хан Тәңірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздер «АRUАNА Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «105600 (бір жүз бес мың алты жүз)» деген сөздер «100800 (бір жүз мың сегіз жүз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
24), 25) тармақшалар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов