Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 128 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1614 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде:
      «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      1-тармақтағы «және жұмыс кестелері» деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтағы «(бұдан әрі - қорытынды)» деген сөздерден кейін «не қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.»;
      25-тармақтың бірінші бөлігіндегі «шағымның тіркелгені, оған жауап алатын мерзімі мен орны туралы белгісі бар оның көшірмесі» деген сөздер «тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов