Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 80 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 2011.04.28 N 39-1 шешімімен.
      
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Бесқарағай ауданында заңмен белгіленген мерзімде 1994 жылы туған азаматтарды, шақыру учаскесінде тіркеу өткізілсін;
      2. Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Айтказин С. С. келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) тәрбиелік және мәдени-көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      2) Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен (Баталов Б. Ж.) бірлесе әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру;
      3) шақыру учаскесіндегі тіркеу қорытындысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызметке жастардың даярлығы жоспарының орындалуы туралы 2011 жылғы сәуірде ақпарат беру.
      3. Шақыру учаскесінде тіркеуден өткен азаматтарды тексеру және емдеу Бесқарағай ауылының Пушкин 2 «а» көшесі бойында орналасқан «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» МКҚК жүргізілсін.
      4. Аудандық медициналық бірлестігіне (Сон Б. Г. келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және флюорографиялық тексеруден өткізуін қамтамасыз ету, шақырылатындарды стационарлық зерттеу үшін қажетті төсек орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларына келісім бойынша балалардың шақыру учаскесіне шақыру қағазында көрсетілген уақытта қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы, экономика және кәсіпкерлік бөліміне (Скакова М. Ж.) 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін 2011 жылға арналып бекітілген бюджеттің шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
      7. Бесқарағай аудандық ішкі істер бөліміне (Ахметов Р. С. келісім бойынша) тіркеуден өтуден бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге жәрдемдесу ұсынылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. К. Мирашевқа жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                      Т. ЖЕКСЕМБАЕВ
      
      Келісілген:
      
      Бесқарағай аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімнің бастығы                   С. Айтказин
      
      Бесқарағай аудандық ішкі істер
      бөлімі бастығының орынбасары                        К. Бытебаев
      
      «Бесқарағай аудандық медицина
      бірлестігі» МКҚК директоры                               Б. Сон