Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 72 Қаулысы

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2011 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,45 пайызынан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есепті айдан кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.
      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекітетін Қор қызметін қамтамасыз етуге 2011 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов