Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 23 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағанында «23 600» деген сандар «241 92» деген сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 қаулысына 
қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысымен
бекітілген  

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі

      1. Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      2. Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      3. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      4. Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі
департаменті;
      6. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      7. Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      8. Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      9. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      10. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      11. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      12. Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      15. Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
      16. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет және қадағалау бөлімі.