Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1043 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      22-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқымның аттестатының көшірмесін)»;
      27-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі женінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40 %-ын құрауы, бірақ осы қаулыда бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов