Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 437 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа).

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 118-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтері бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 988 қаулысымен   
бекітілген       

Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтері

Р/с

Әрекет

Есеп бірлігі

Тарифтер (АЕК)

1

Қаулылар шығару

1 атқарушылық іс жүргізу

0,6

2

Ұсыныстар шығару

1 атқарушылық іс жүргізу

0,1

3

Борышкер туралы ақпаратты анықтау

1 атқарушылық іс жүргізу

0,9

4

Тараптарды хабардар ету

1 атқарушылық іс жүргізу

0,8

      Ескертпе: бір атқарушылық іс жүргізу бойынша шығарылуға тиіс қаулылардың немесе ұсыныстардың жиынтығы не борышкер туралы айқындалуға тиіс барлық ақпарат не тараптарға жіберілуге тиіс хабарламалар «1 атқарушылық іс жүргізу» есеп бірлігі деп түсініледі.