"Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 900 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 26 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.01.2020 № 26 қаулысымен.

      Көру қабілеті бұзылған балалардың білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және оларды сапалы біліммен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж,. № 40, 552-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-жолмен толықтырылсын:

      "93. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты";

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      реттік нөмірі 12-жолда:

      3-бағанда:

      "2564" деген сандар "2655,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде" деген жолда "1868" деген сандар "1959,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты 91,5".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов