Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 870 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабының  4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 537-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесінде:
      61-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов