Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.06.2021 № 387 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 365-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | K. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 869 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысымен бекітілген |
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс
істеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылады.
3. Ақпарат орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы, "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын, "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 402 қаулысын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Ақпарат орталығы мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:
1) қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС шаралар), стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі екі жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелігі немесе қатысуы;
3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздері туралы құжаттардың көшірмелері мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) Хатшылығымен, ДСҰ-ға мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады.
5. Ақпарат орталығының негізгі міндеттері:
1) саудадағы техникалық кедергілер (бұдан әрі - СТК) және СФС шараларды қолдану бойынша заңды және жеке тұлғалармен ақпарат алмасудың жедел жүйесін құру;
2) СТК саласында және СФС шараларды қолдану бойынша ақпараттық жүйелерді ақпараттық қамтамасыз ету, дамыту және жетілдіру болып табылады.
6. Ақпарат орталығы қызметінің негізгі түрлері:
1) ДСҰ Хатшылығын, ДСҰ-ға мүше елдерді, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше елдерді, халықаралық ұйымдарды және басқа мүдделі тараптарды:
әзірлеу процестерімен байланысты хабарламалар, қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;
техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарды, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде бұзушылық фактілері;
міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына зиян келтіру мен залал әкелу (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері;
техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптарды бұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;
халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп төндіретін өнімдер;
қолданыстағы бақылау және тексеру рәсімдері, өндіріс пен карантин ережесі, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілетін деңгейін мақұлдау рәсімдері;
қауіпті, бұл ретте ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау рәсімдері;
карантиндік, фитосанитарлық, санитарлық және эпидемиологиялық және эпизоотикалық ахуалдың және уақытша енгізілген шаралардың нашарлауы;
анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);
халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) табу;
адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіпті деп табылған өнім;
бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың ықтимал келіп түсуі;
техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша жұмыстарды үйлестіретін ұлттық органдар;
аккредиттеу жөніндегі орган;
сертификаттау бойынша аккредиттелген және (немесе) тағайындалған органдар және аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары);
техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары;
сәйкестік сертификаттар және сәйкестік туралы декларациялар;
техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;
техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары;
ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары);
өнімдердің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;
сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар;
сәйкестігін міндетті растауға жататын өнімдер туралы құжаттар;
жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі;
ветеринарлық бақылауға жататын тауарлар тізбесі;
карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі;
карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету;
2) ДСҰ-ға мүше елдердің, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің және СТК бойынша әрі СФС шаралары жөніндегі басқа да халықаралық ұйымдардың ақпарат орталықтарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) СТК бойынша және СФС шаралары жөніндегі ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, кеңейту және сүйемелдеу болып табылады.
7. Өңірлердегі Ақпарат орталығының қызметін кәсіпорынның филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырады.
2. Ақпарат орталығының жұмыс істеу тәртібі
8. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығынан, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерден және басқа да халықаралық ұйымдардан хабарламаның келіп түсуіне қарай оларды тоқсан сайын уәкілетті органның ресми басылымында (Ақпарат орталығының жаршысы) және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде (www.memst.kz немесе www.wto. memst.kz) ай сайын орналастыруды жүзеге асырады.
9. Ақпарат орталығы осы Ереженің 8-тармағына сәйкес хабарламаларды алғаннан кейін оларды 15 жұмыс күні ішінде шет тілінен (ағылшын және басқа) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды жүзеге асырады, сондай-ақ СТК бойынша және СФС шаралары бойынша алынған хабарламаларға мониторинг жүргізеді.
10. Ақпарат орталығы заңды және жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша оларды "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгіленген тәртіппен әзірленіп жатқан, қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдері; санитарлық және фитосанитарлық шаралар, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер туралы мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратымен (түсініктемесімен) өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.
11. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығының, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің және басқа да халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша, егер өзгесі ратификацияланған халықаралық келісімдерде (шарттарда) өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан техникалық регламенттерге, стандарттарға, өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдеріне; санитарлық және фитосанитарлық шараларға, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерге мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратын (түсініктемесін) береді.
12. Мемлекеттік органдар екі күн мерзімде осы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ДСҰ Хатшылығына, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерге және басқа да халықаралық ұйымдарға жіберу үшін СТК және СФС шараларын қабылдау немесе түсуіне қарай Ақпарат орталығына жібереді.
13. Ақпарат орталығы әзірлеушілердің деректері бойынша СТК және СФС шаралары саласындағы әзірленіп жатқан нормативтік құжаттар туралы шет (ағылшын және басқа) тілінде хабарламаны жасайды және егер ратификацияланған халықаралық келісімдерде (шарттарда) өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ДСҰ Хатшылығына, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерге және басқа да халықаралық ұйымдарға жібереді.
14. Ақпарат орталығы СТК және СФС шаралары жөніндегі ақпаратқа қол жетімділікті және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дерекқорды және ақпараттық жүйені жүргізеді және әзірлейді.