"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 846 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      
      1. Қоса беріліп отырған «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 368 қаулысымен    
бекітілген       

«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» (бұдан әрi – РЭҚ және ЖЖҚ) мемлекеттiк қызметiн Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрi – инспекция) көрсетедi. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» бөлiмiндегi (портал мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) рұқсат беру құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы алу мүмкiндiгi бар.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. Осы стандарт және мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын талап жөнiндегi ақпарат: www.mtc.gov.kz интернет ресурсының «Байланыс» бөлiмiнiң «Нормативтiк құқықтық актiлер» кiшi бөлiмiнде бұдан әрi «Қаулыларда», сондай-ақ инспекцияларда орнатылған ақпараттық стендiлерде орналастырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ресімделген РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Мемлекеттік қызмет РЭҚ пен ЖЖҚ-ны тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      а) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетімен қоса өтінішті беру және инспекцияның кеңсесінде тіркеу - 30 минут;
      б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру сәтінен бастап - 3 (үш) күн;
      в) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген кезде) кезде, өтініш берушінің өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін электрондық сұрау салуды жасаудың ең көп рұқсат етілетін күту уақыты - 15 минут;
      3) өтініш берушінің өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін уақыты - 15 минут.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету құны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабына сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік баж төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
      9. Мемлекеттік қызмет күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетіп қызмет көрсету болмайды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Мемлекеттік қызмет инспекциялардың ғимараттарында көрсетіледі. Инспекциялардың ғимараты:
      1) физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен;
      2) іші ақпараттық стенділермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мынадай
құжаттарды тапсырады:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) осы стандартқа 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес ресімделген тиісті радиобайланыс түріне сауалнама;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген Қазақстан Республикасының РЭҚ пен ЖЖҚ-на сәйкестік сертификатының көшірмесі;
      4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;
      5) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесі (егер радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);
      6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелінген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжат шот-фактурасының көшірмесі);
      7) РЭҚ пен ЖЖҚ-ның электромагниттік үйлесімділігі (бұдан әрі - ЭМҮ) қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).
      Бұл ретте ЖЖҚ-ны тіркеу үшін 3), 5), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын және 27 МГц жиілік диапазонында РЭҚ-ті тіркеу өтініміне 11-тармақта келтірілген құжаттардың орнына осы стандартқа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш қоса беріледі.
      12. Өтiнiштердiң бланкiлерi және толтыру үлгiлерi инспекциялардың арнайы ақпарат стендiнде және www. mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша инспекциялардың кеңсесіне ұсынылады.
      14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Құжаттарды қабылдау кезінде инспекция кеңсесінің қызметкері тұтынушыға өтініштің кіріс нөмірі мен қабылданған күні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.
      16. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тұтынушыға беруді тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхаттың негізінде инспекция кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      РЭҚ/ЖЖҚ тiркеу бөлiмiнде рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде (порталдың мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) тұтынушы электронды түрде хабарлама алады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту үшін жиынтықсыздық не ұсынылған құжаттар пакетінің осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес дұрыс рәсімделмеуі негіз болып табылады.
      Бас тартқан жағдайда тұтынушыға РЭҚ пен ЖЖҚ куәлігін беруден бас тарту себебі көрсетілген жазбаша дәлелденген растау беріледі.

3. Жұмыс істеу қағидаттары

      18. Уәкілетті орган инспекцияларының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, жүктелген міндеттерді орындау кезінде заңдылықтарды сақтауға негізделеді және сыйпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық және жан-жақты ақпаратты ұсыну, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерiн жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi бекiтедi.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Инспекциялар бастықтары мен функциялары мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетi төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, № 8 үй мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8(7172) 74-03-24, не электрондық түрде - kanc@mtc.gov.kz мекенжайына берiледi.
      Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      23. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары көрсетедi. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым инспекция бастығының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша түрде немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша қолма-қол берiледi.
      Жұмыс кестесі күн сайын жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Шағым еркін нысанда жасалады.
      25. Қабылданған шағымдар инспекцияларда тіркеледі (мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген). Тұтынушыға өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі не өтініштің көшірмесіне оның қабылданғаны туралы белгі қойылады.
      Шағымдарды қарау «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.mtc.gov.kz, тел: 8 (7172) 74-03-64 факс: 8(7172) 74-10-03.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң сенiм телефоны: 8 (7172) 740685.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды 
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
көрсету стандартына    
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.27 N 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Инспекциялардың атауы

инспекциялардың мемлекеттік мекемелерінің телефондары

инспекциялардың мемлекеттік мекемелерінің мекенжайы

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8(7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 аstana@mtc.gov.kz

010000, Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 9, «Авиценна» ТК, "Ж" блогы

2.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-99 almaty@mtc.gov. kz

050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108, 410-кабинет

3.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7132) 520340, 520721 aktybinsk@mtc. gov.kz.

030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62

4

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7122) 270042, фб271615 atyray@ mtc.gov.kz

060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201, 221-кабинет

5

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7212) 437010фб 437024 karaganda@ mtc.gov.kz

100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73/А, 302-кеңсе

6

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7182) 323549, 327280 ф, 540338 РКП pavlodar.@mtc. gov.kz

140000, Павлодар қаласы, Сәтпаев көшесі, 50

7

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7142) 535185 ф, 535074, 503026 kostanay@ mtc. gov.kz

110000, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 14, 58-59-пәтерлер

8

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (72422) 70953ф 78853ф 77548 kyzylorda@mtc. gov. kz

120000, Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер

9

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7262) 450960ф 434224 zhambyl@ mtc.gov.kz

080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138

10

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7292) 313344, 429911ф mangistau@mtc. gov.kz

130000, Ақтау қаласы, 9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер

11

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7112) 503877 ф, 244974, 513865 zko@mtc.gov.kz

090000, Орал қаласы, Евразия даң., 100

12

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7252) 540100, 534952, 211391 РКП uko@mtc.gov. kz

160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 35

13

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7152) ф,490080, 50-00-29 sko@ mtc.gov.kz

150000, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 109, 7-қабат

14

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mtc.gov. kz

070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19

8 (7222) 560499

071400,Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына   
2-қосымша        

_____________________________________________________________________

      Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды
                 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

№  № ГРСС-ААА/ ВВВВВВ*
Иесі                              __________________________________
РЭҚ/ЖЖҚ түрі                      __________________________________
РЭҚ/ЖЖҚ типі                      __________________________________

РЭҚ зауыттық нөмірі               __________________________________
Тіркеу күні                       __________________________________
                                  _____________

Ескертпе: РЭҚ пен ЖЖҚ-ты тіркеу оның иесіне РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдалануға рұқсатсыз оларды пайдалануға беруге құқық бермейді.

М.О. ______________                             _________________
                                                      (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына    
3-қосымша          

Байланыс және ақпараттандыру комитетінің
Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына

____________________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

____________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы облысы, ауданы, қаласы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________     аумағында РЭҚ (ЖЖҚ) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруды өтінемін.

Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
____________________________________________________________________
2. Құрылған жылы
____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ________________________________
____________________________________________________________________
                     (№, кім және қашан берген)
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
             (пошталық индексі, облыс, аудан, көшесі, үй №, телефон)
____________________________________________________________________
5. Банктік деректемелер ____________________________________________
6. СТН
____________________________________________________________________
7. Тіркелген орны бойынша салық комитеті ___________________________

Басшы __________________________          __________________________
                (қолы)                     (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөр орны
"____" _____________ 20 ___ ж.

Өтініш алынды:"_____" ________________ 20 ____ ж.
____________________________________________________________________
                   (жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қолы)

      8. Қосымша құжаттар (үш данада):
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) осы стандартқа 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес ресімделген тиісті радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - РЭҚ және ЖЖҚ) тіркеудің тиісті түріне сауалнама;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;
      4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;
      5) РЖС-ты пайдалануга рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС-ты пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);
      6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжаттың шот-фактурасының көшірмесі) көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар;
      7) электромагниттік үйлесімділік қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).

Басшы ______________                  ______________________________
МО        (қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты)

"____" _____________ 20___ ж.

Өтініш алынды "____" ________________ 20___ж.
____________________________________________________________________
                        (жауапты тұлғаның қолы Т.А.Ә.)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына    
4-қосымша          

Радиоэлектронды құралға сауалнама

I БӨЛІМ - ӨТІНІШ БЕРУШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтініш берушінің атауы

Өтініш берушінің пошталық мекенжайы

Телефон (кодты қоса)

Факс (кодты қоса)

Бірінші басшының Т.А.Ә. және лауазымы

Техникалық басшының Т.А.Ә. және лауазымы

II БӨЛІМ - ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

1. Таратқыштың техникалық деректері

1-а. Типі

1-b. Зауыттық нөмір

1-с. Қуаты, Вт

1-d. Жұмыс жиіліктері, кГц

1-е. Сәулелену класы

1-f. Жиілік тұрақтылығы, Гц
< 4 МГц
> 4 МГц

1-g Телефонмен шақыру

1-Һ.Телеграфпен шақыру

2. Таратқыштың орналасқан орны

2-а. Облыс

2-b. Аудан

2-с. тармақ

2-е. Географиялық координаттар

0      ,     ,,
    с.е

0 ,  ,,
  ш.б

3. РЭҚ жұмыс тәртібі (жергілікті уақыт бойынша сағаты мен минуты)

4. Корреспонденттер

4-а. Корреспондентті орнату пункті

4-b. Корреспонденттің шақыруы

4-с. Пайдалану құқығына рұқсаттың №

5. Антеннаның сипаттамасы



5-а. Типі

5-b. Жердің теңіз деңгейінен биіктігі, м

5-с. Жердің деңгейінен антеннаны ілу биіктігі, м


5-b. Антенна биіктігі, м

5-е. Ең жоғарғы сәулелену азимуты, градустар

III БӨЛІМ - ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Лицензия нөмірі, берілген күні

РЖС пайдалануға рұқсат нөмірі, берілген күні

Сатып алуға және орнатуға рұқсат нөмірі, берілген күні

РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат нөмірі, берілген күні

Сертификат нөмірі, берілген күні.
Сертификаттау органы

Келісу

Үйлестіру

ХЭО-да тіркеу

Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын

Т.А.Ә.

Қолы     М. О.

Лауазымы

Күні

Телефон

Бастық М.О. ______________
                (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына   
5-қосымша         

Жоғары жиілікті құрылғыға рұқсат сауалнама

I ТАРАУ - ӨТІНІШ БЕРУШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтініш берушінің атауы

Өтініш берушінің пошталық мекенжайы

Телефон (кодты қоса)

Факс (кодты қоса)

Бірінші басшының Т.А.Ә. және лауазымы

Техникалық басшының Т.А.Ә. және лауазымы

II ТАРАУ - ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

1. ЖЖҚ техникалық деректері

1-а. Тип

1-b. Зауыттық нөмір

1-с. Ең жоғары шығару қуаты, кВт

І-d. Жиілік диапазоны, кГц

1-е. Жиіліктердің мүмкіндігінше жұмыс жолағы (өнеркәсіптік ЖЖ генераторлар үшін ғана)

1-f. Тағайындау (тек өндірістік ЖЖ генераторлар үшін)

1-g. Кедергілердің, сәулеленуден таралуынан қорғау құралдарының бар болуы (қолда бар қорғау құралдарын санамалау керек)

1-h. Дайындаушы зауыт және шығарылған күні

2. Қосымшалар

2-а. ЖЖҚ-ны орнататын ұйымның қолдаухаты

2-b. Ерекшеліктерімен қағидаттық схемасы (типтік емес ЖЖ генераторларына ғана)

2-с. Энергия өткізуден қондырғыны энергия желісіне қосуға келісімі туралы анықтама (тек өнеркәсіптік ЖЖ генераторлары үшін)

III ТАРАУ - ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Сатып алуға және орнатуға рұқсат нөмірі, берілген күні

Келісу

Сертификат нөмірі, берілген күні.
Сертификаттау органы


Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын

Т.А.Ә.

Қолы
М. О.

Лауазымы

Күні

Телефон

4 ТАРАУ-АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ РҰҚСАТЫ

Шекті рұқсат етілетін индустриялық радиокедергілердің нормаларына сәйкес талаптар болған кезде __________ кГц-тен ________________ кГц дейін жиілікті құрылғының жолағында жоғары жиілік жұмысына рұқсат етіледі.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 200__ жылғы "____" ________________ дейін

Бастық М.О. __________________ (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына  
6-қосымша       

Байланыс және ақпараттандыру комитетінің
Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына 27 МГц белдеуі ауқымында РЭҚ пайдалану құқығына
рұқсатты ресімдеуге
САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

1.

Тегі, аты, әкесінің аты


2.

Жеке куәліктің №, берілген күні, кім берген


3.

Мекенжайы


4.

Телефон


5.

Радиостанция типі


6.

Радиостанцияның зауыттық нөмірі


7.

Радиостанцияның орналасқан орны (мекенжайы, географиялық координаттары) (мобильді үшін - а/м маркасы, мем. нөмірі)


8.

Таратқыш қуаттылығы (керексізін сызып тастау керек)

3 Вт дейін

3 Вт-тан аса

9.

Арналар саны (керексізін сызып тастау керек)

10 дейін

11-ден 40-қа дейін

40-тан аса

10.

Сауалнаманы толтыру күні


      Осы сауалнама-өтініш негізінде, маған портативті радиостанцияны пайдалану құқығына рұқсатты ресімдеуді өтінемін.
      Портативтік радиостанцияларды және 27 МГц ауқымында күзет радиосигнализация құрылғыларын (КРСҚ) тіркеу және пайдалану ережесімен таныстым, аталған Ереженің барлық талаптарын сақтауға міндеттенемін.

________________________________
      (иесінің қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына    
7-қосымша          

Байланыс және ақпараттандыру комитетінің
Байланыс және ақпараттандыру инспекциясына Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына
рұқсатты ресімдеуге
САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

1.

Тегі, аты, әкесінің аты/Ұйымның атауы


2.

Жеке куәліктің №, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік кім берген, СТН


3.

Мекенжайы


4.

Телефон нөмірі


5.

Радиоұзартқыш моделі


6.

Радиоұзартқыштың зауыттық (терминалдық/базалық станцияның) нөмірі


7.

Радиоұзартқыштың орнатылған орны (ұтқыр үшін - а/м маркасы, мем. нөмір/базалық станцияның мекенжайы)


8.

Таратқыштың (терминалдық/базалық станцияның) қуаты,Вт


9.

Жұмыс жиіліктері, МГц


10..

Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану аумағы


11.

Сауалнаманың толтырылған күні


      Осы сауалнама-өтініш негізінде маған телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсат ресімдеуді өтінемін.

М.О. ________________________________
      (иесінің қолы)          

«Радиоэлектронды кұралдар мен
жоғары жиілікті кұрылгыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына    
8-қосымша          

Кесте. Сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа мен тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылғы көрсеткіш нысаналы мәні

Есепті жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні
 

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетудің жағдайы, % (үлес)




2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар, % (үлес)




3. Тиімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар, % (үлес)




3.2. Электронды форматта тиімді ақпараттың қызметтері, % (үлес)




4. Шағым беру үдерісі

4.1. Шағым берудің қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар, % (үлес)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылғына қанағаттанған тұтынушылар, % (үлес)