РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Ынталы ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ынталы ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ынталы ауылдық округінің бас маманы А. Сазанбаевқа жүктелсін.
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ынталы ауылдық
округінің әкімі: Қ. Иманқұлов