Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 746 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      2. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
      «Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде:
      «Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері» деген 3-кіші бөлімде:
      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Тиісті бюджетті нақтыламай, бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзетуге жол берілмейді.
      45. Бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.»;
      46-тармақта:
      бірінші бөліктегі «бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздер «қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Республикалық» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов