Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агенттің 2010 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 52178612 (елу екі миллион бір жүз жетпіс сегіз мың алты жүз он екі» теңге мөлшерінде бекітілсін.»;
3-тармақта «2009 - 2011 жылдарға» деген сөздер «2010 - 2012 жылдарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов