Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
"Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімі орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:
"Алматы" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "72" деген сандар "73" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Алматы облысының әкімі:
1) өзінің бұрын шығарған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі М. Мәсімов