Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 696 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118 және 119-жолдармен толықтырылсын:
      "118. Босқын куәлігі
      119. Жол жүру құжаты (босқынның).".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов