Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 687 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2020 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 523-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақтағы "оқшау және бірлесіп" деген сөздер "оқшау немесе бірлесіп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27-тармақтың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов