Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 685 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 90-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша «бақылау актісі», «бақылау актісіне», «Бақылау актісіне», «бақылау актісін», «бақылау актісінің» деген сөздерден кейін «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының)» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) бақылау актісі - бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жасаған құжат;
      1-2) ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын, жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша жасалатын құжат;
      1-3) ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік органның басшысына ұсынылатын ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту бойынша ұсынымдары бар ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған құжат;»;
      2) тармақша «дәлелдемелері» деген сөзден кейін «және жұмыстағы кемшіліктерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бақылау іс-шарасы (бұдан әрі - бақылау) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ бақылау объектілеріндегі бұзушылықтарды анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын өзара байланысты бақылау іс-қимылдарының кешені;»;
      9) тармақшадағы «қызметтері).» деген сөз «қызметтері);» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) бақылау жүргізу жоспары - бақылау объектісін алдын ала зерделеу деректері негізінде әзірленген, бақылау тұрпаттары, түрлері, мақсаттары, объектілері және ауқымы, оның ішінде бақылауды жоспарлау процесінде туындайтын басымдықтар мен мәселелер, бақылауды жүзеге асыруға арналған қажетті ресурстар мен бақылау органдары қызметкерлерінің құрамы кіретін құжат;
      11) бақылау бағдарламасы - бақылауға жататын мәселелер тізбесін құрайтын, әрбір бақылау объектісі бойынша дербес жасалатын, егжей-тегжейлі әзірленген құжат.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бақылау объектілерін, бақылау жүргізу мерзімдері мен бақылау іс-шараларын аяқтау нысандарын көрсете отырып, бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеу.»;
      12-тармақтың үшінші бөлігінде «міндетті түрде» деген сөздер алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бақылауды жүргізу мерзімі басталғанға дейін ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның ұсынысы бойынша бақылау жүргізу жоспарын бекітеді, ол бақылау жүргізу процесінде ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары арқылы өзгертіледі немесе толықтырылады.»;
      15-тармақтағы «Бақылау бағдарламасы» деген сөздерден кейін «, бақылауды жүргізуге жауапты ішкі бақылау органының лауазымды тұлғасы бекітеді және» деген сөздермен толықтырылсын;
      «өзгертілуі және немесе толықтырылуы мүмкін» деген сөздер «өзгертіледі және (немесе) толықтырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақта:
      бірінші бөлікте «жасайды» деген сөзден кейін «, Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру тобының мүшесі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны жасайды» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте «дейін үш күн бұрын» деген сөздер «дейін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      24-тармақта:
      екінші бөлікте «бақылау актілері» деген сөздер «ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бақылау материалдары мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның басшысы оның қызметкерлері қызметінің, олар, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектісінде бола отырып жүргізген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және өзге де заңнамасын бұзушылықтар, бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде немесе комиссия бақылау актісіне даулы мәселелер бойынша қарсылықтарды қарастырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бақылау объектісіне жұмыстағы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін міндетті ұсыныс жібереді.
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және өзге де заңнамаларын бұзушылықтар, ішкі бақылау қызметінің бақылау объектісінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде немесе комиссия ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға даулы мәселелер бойынша қарсылықтарды қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның басшысына нақты кезеңдегі бақылау объектісіндегі анықталған бұзушылықтар, жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қамтитын ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті енгізеді. Есепті қарау нәтижелері бойынша ішкі бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау объектісінің жұмысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға арналған, сондай-ақ онда қамтылған бақылау объектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсынымдарды орындауға міндетті ұсыну жобасын енгізеді.
      Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есеп пен ұсыныс жобасын береді.
      Ұсыныста анықталған бұзушылықтарды, заңнаманы бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, сондай-ақ бақылау объектісінің бұзушылықтарды жасауға кінәлі тұлғаларына шаралар қолдану туралы міндетті талаптар болуға тиіс.
      Ұсыныста жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар баяндалуы тиіс.
      Бақылау объектісінің ұсынымдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды жою және одан әрі жол бермеу, бюджет заңнамасын сақтау, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, персоналды басқарудың ішкі жүйесін жетілдіру, бақылау объектісі қызметінің нақты бағыттарының және басқалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтуға тиіс.»;
      26-тармақтың 2) тармақшасы «қызметі құрылған» деген сөздерден кейін «орталық» деген сөзбен толықтырылсын;
      26-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органның бірінші басшысына тиісті ақпарат жібереді.»;
      3-тарау және 39-тармақ алып тасталсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 шілдедегі
№ 685 қаулысына   
1-қосымша     

Қазақстан Республикасында республикалық
және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесіне
2-1-қосымша            

Ішкі бақылау нәтижелері бойынша
қорытынды

______________________________________             __________________
(бақылау объектісінің орналасқан жері)              (күні, айы, жылы)

      1. Бақылау жүргізу үшін негіздеме
      _______________________________________________________________
      (тиісті жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары, бақылауды тағайындау туралы бұйрық, жоғары тұрған органдардың тапсырмалары)

      2. Бақылау объектісі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бақылау объектісі туралы, оның ішінде заңды тұлғалар жөнінде қысқаша ақпарат, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банк деректемелері, құрылтайшы құжаттар және басқалар, (мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін бақылау кезінде тек құрылымдық бөлімшенің атауы және оның басшысының Т.А.Ә. көрсетіледі)

      3. Бақылау түрі
_____________________________________________________________________

      4. Бақылау ауқымы
_____________________________________________________________________

      5. Бақылау жүргізілді
_____________________________________________________________________
         (тексерушінің лауазымы және Т.А.Ә.)

      рұқсат етуімен және
_____________________________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә.)

      қатысуымен
_____________________________________________________________________
      (бақылау объектісі лауазымды тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә.)

      6. Алдыңғы бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(алдыңғы бақылау іс-шарасын жүргізуге қатысқан тексерушінің (лердің) лауазымы және Т.А.Ә., оның нәтижелері және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі бақылау объектісі қабылдаған шаралар) жүргізген.

      7. Бақылау жүргізудегі шектеулер
_____________________________________________________________________

      8.* Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша дербес қаржыландыру жоспарын (игермеу және кассалық шығыстарды іс жүзіндегі шығыстардан ауытқулар себептерін көрсете отырып) немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау нәтижелері. Бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және нақтылау туралы ақпарат (мемлекеттік сатып aлу жөніндегі тақырыптық бақылауды қоспағанда, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды бақылау кезінде).
_____________________________________________________________________

      9. Анықталғандар
_____________________________________________________________________
(қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттелетінін көрсете отырып, бақылауда қамтылатын мәселелер, бұзылған нормативтік құқықтық, актіні нақтылай отырып, бақылау барысында белгіленген бұзушылық фактілері)

      10. Бұзушылықтардың туындау себептері
_____________________________________________________________________
            (бұзушылыққа не әкеп соқты, факторлар)

      11. Бақылау барысында жүргізілген жұмыс туралы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (бақылау барысында бұзушылықтарды жою және басқалар)
_____________________________________________________________________

      Ішкі бақылау қызметі
_____________________________________________________________________
              (ішкі бақылау органының толық атауы)

      Тексеруші топтың мүшелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      Бақылау объектісі
_____________________________________________________________________
            (тексерілетін объектінің толық атауы)

      Бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары
_____________________________________________________________________
                  (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      Қосымшалар парақтарының саны
_____________________________________________________________________
                  (беттерінің саны)

      Ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны танысуға алғаны туралы белгі:________________________________________________________

      Ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны мен
______________________________________________________________ алдым
         (ішкі бақылау объектісі басшысының Т.А.Ә.)

                                _____________________________________
                                         (алған күні, қолы)

      Ескертпе: * тақырыптық бақылау жүргізген кезде 8-тармақ толтырылмайды