"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің құрамына мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты қадағалау кеңесінің төрағасы;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевті қадағалау кеңесінің мүшесі;
      3) «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры етіп тағайындай отырып, бұл міндеттерден Вадим Павлович Зверьковты босатып, Сыздық Асылбекұлы Баймұқановты қадағалау кеңесінің мүшесі етіп сайлау ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов