Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 516 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Қарабау ауыл округіне қарасты:
      1) Сынтас ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ардақ Жүзбаева, Әліқұл Егемқұлов, Мырзалы Абуов, Абдісамат Баратов, Көлібай Майлыбаев, Ахан ата, Тәжі Абдуллаұлы, Елубай Сарыпбеков, Бөрі Лесұлы, Бәйдібек, Рысбай Жобанов, Рысқұлбек Жолдасов, Сабен Төлепов, Бегалы Алиев, Дайрабай, Тастемір Құдайбергенов, Абдіхай, Ілес Тотаев атаулары;
      2) Қарабау ауылындағы атауы жоқ көшелерге Абай, Дінмұхамед Қонаев, Тұрғыналі Айнақұлов, Төлеби атаулары;
      3) Үшбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге Кейкіман батыр, Өтеуіл Қабылов, Қарымбек Иманқұлұлы, Мақсұт Құралов, Үсіпбай Ағайдаров, Жолдыбай Сауытов, Батырбай Есназаров атаулары;
      4) Жұмысшы ауылындағы атауы жоқ көшелерге Дүйсебай баба, Мергенбай Құрымбаев, Тастанбек Ержанов атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауыл округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы:                 Б.Мырзақұлов