Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 464 Қаулысы

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Түркістан қаласының төменде көрсетілген атауы жоқ көшелеріне атау берілсін:
      1) Ясы мөлтек ауданындағы № 9-шы атауы жоқ көшесіне Ілиас Қожабаевтың есімі;
      2) Иассы аумағындағы мешіт-намазхана жанындағы атауы жоқ көшесіне Қарабаев Әлсейіттің есімі;
      3) Сауран мөлтек ауданындағы 7-ші атауы жоқ көшесіне Даулетбайұлы Омарбектің есімі.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Б.Сүлейменов

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ.Рысбеков